Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған 52 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына алынды, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.
Батыс Қазақстандық Ризабек Айтқалиевтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кіріп, мемлекеттің қолдауына алғысын білдірді.

Жаңа қоныс иелерінің бірі – Ералиева Рита. Бұл жанұяның да қуанышында шек жоқ.

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.