Батыс Қазақстан облысындағы бір шаруа қожалығының қыстауынан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен киік мүйіздері табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қыстаудағы үйді тінту кезінде қолдан жасалған «поджиг» түріндегі атыс құрылғысын, екі тегіс ұңғылы мылтықты, екі шолақ мылтықты, түрлі калибрлі 104 патронды және 30 киік мүйізін анықтаған.
Үй шаруа қожалығының басшысына тиесілі екені белгілі болды.
"Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді полицейлер.
Жалпы облыс бойынша аталған іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару және 164 оқ-дәрі тәркіленді.