БҚО-да полицияның заңды талабына бағынбаған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде Ақсай қаласында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған және агрессивті мінез-құлық танытқан бір топ адамның видеосы тарады.
Оқиға 29 наурызда шамамен сағат 05:00-де болған. Азаматтың өтініші бойынша полиция қызметкерлері мас күйдегі ер адамға тиісті шаралар қабылдаған.
Тексеріс барысында оның таныстары полиция қызметкерлерінің заңды әрекетіне кедергі келтіріп, оның талаптарын елемеген.
"Мас күйдегі құқықбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Агрессия танытып, қарсылық көрсеткен өзге адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлығы ұсталды", - деді полиция.
