БҚО-да ер адам алимент төлемеудің ұтымды жолын тапқан

Dalanews 27 қаң. 2025 13:09 1399

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады. Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды. Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп жүрген, деп жазады Dalanews.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді.

"Сот шешімі бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", делінген полиция хабарламасында.

2024 жылдың 12 айында облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 фактісін анықтағандарын да нақтылайды. 

Бұған дейін енді алимент алушыларға банктен шот ашу керек болатынын жазған едік.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар