Батыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары және полициямен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.
Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.