БҚО-да балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

БҚО-да балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 30 млн теңгеден аса бюджет қаражатын иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Аудан прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде балабақша есепшісі өзіне штаттық кесте бойынша бекітілген еңбекақыдан жоғары мөлшердегі қосымша қаражатты банктегі шотына 5 жыл бойы негізсіз аударып келгені анықталған.

Прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу жүргізуді Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.