БҚО-да әкімшілік ғимараты өртке оранды

БҚО-да әкімшілік ғимараты өртке оранды

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, қызыл жалын алаңы - 300 шаршы метр. 

Оқиға қазанның 4-інен 5-сіне қараған түні болған.

"Ғимарат металл қаңқалы материал, минералды вата мен пішінделген төсемнен жасалған. Өртті сөндіруге қиындық туғызғанына қарамастан құтқарушылармен өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.