БҚО-да адам өлімі: полицей қызметінен қуылды

Қаракөз Амантай 17 қаз. 2024 09:29 1316

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы  Бұлдырты ауылында трактормен адам қағып өлтірген полицей қызметінен қуылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Сырым ауданы Бұлдырты ауылында болды. Жүргізуші "МТЗ-80" тракторымен артқа қарай жүрген кезде абайсызда 1979 жылғы ер адамды басып кеткен. Марқұм оқиға орнында көз жұмды.

"Трактордың рулінде аудандық полиция бөлімінің қызметкері отырған. Ол кезекті еңбек демалысында болған. Сараптама қорытындысына сәйкес полицей ішімдік ішпеген. Ол ішкі істер органынан қуылды", - деп хабарлады ведомстводан. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар