БҚО-да 350 оқушы «Мектепке жол» акциясы аясында жаңа оқу жылына арналған арнайы жиынтықтар мен ноутбуктерге ие болды

Жарбол Кентұлы 20 там. 2024 19:32 1462

Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея жастары ұйымы, сондай-ақ демеушілердің қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Өңірдің мектеп оқушыларына 350 жиынтық (ноутбуктер, маусымдық және спорттық киімдер, рюкзактар) сатып алынды.

Мектепке арналған жиынтықтар Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының оқушыларына беріледі.

Іс-шараға өңір басшылығының, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Freedom Шапағат» қорының өкілдері қатысады. Еріктілер акцияға қатысушы отбасылардың үйлерін аралайды.

Қайырымдылық бастамасы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке даярлау бойынша жалпыұлттық науқанды жалғастыруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» акциялары Қазақстанның барлық қалаларында өтеді. Ертең бұл шара сағат 11.00-де Қаратөбе ауданы Қоржын ауылындағы "Аққозы" мектеп-бөбекжай-балабақшасында жалғасын табады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар