БҚО-да 120 миллион теңгенің жері небәрі 765 мың теңгеге сатылып кеткен

Dalanews 19 қаң. 2024 08:11 989

БҚО-да аудандық жер қатыныстар бөлімінің бастығы заңсыз жер телімін беріп, оның салдарынан мемлекетке аса ірі залал келтіргені үшін сотты болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz облыстық прокуратураға сілтеп.

БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден (Орал қаласы) ірі көлемде6 жалпы аумағы 40,0 гектар (400 000 шаршы.м – 4 000 соттық жер) жер телімі "бағбандық және саяжай құрылысына" берілгені анықталған.

Мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз  төмендетілген және 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған.


Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн. теңге, салдарынан мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген.

Осының негізінде прокурорлық тексеру материалы СДТБТ-не тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық істің тергеуі Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды.

Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар