Боранбаевтың әйелі күйеуімен соттасып, жеңіліп қалды

Көркем Алдабергенова 05 шіл. 2024 15:50 4317

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың әйелі күйеуімен соттасып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шолпан Боранбаева күйеуіне тиесілі болған мүлікті бөліп алмақ болған. Әңгіме 2023 жылы наурызда "QazaqGaz" және "АзияГаз Чунджа" арасындағы мәмілелер кезінде жымқыру туралы іс бойынша мемлекет кірісіне тәркіленген Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы үй-жай мен жер учаскесі туралы болған. 

Сот дауы материалдарында "Esentai Tower" бизнес орталығы мен "Esentai Mall" сауда орталығына іргелес жатқан екі қабатты әкімшілік ғимарат туралы сөз қозғалған. Анықтамалық мәліметтерге сәйкес, бұл ғимаратта 2 нысан бар - "Tor" және "Cafeteria" мейрамханалары.

Еске салайық, кәсіпкер Боранбаев әлі де тергеу орбитасында. Олигарх Қайрат Боранбаевқа қарсы қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. 

"Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14, 5 миллиард теңге көлемінде залал өтелді, бұдан басқа ол 120 миллиард теңге көлемінде залалды өтеді. 120 миллиард теңге, оған қоса 14,5 миллиард теңге - 134 миллиард теңге. ...Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, ол тергеліп жатыр, тағы да залал өтелуі мүмкін. ...Оған бюджет қаражатына қатысты күдік бар, сондай-ақ, салық төлеуден жалтару бар", - деді Елемесов мәжілісте.

Айта кетейік, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ал оған дейін наурызда ол 8 жылға сотталды. Қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, "бай құда" Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді, басқа да біраз мүлікті мемлекет меншігіне тапсырды. Ал аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақүй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады екен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар