Боранбаевқа үкім шықты

Dalanews 15 қыр. 2023 12:21 766

Астанада белгілі кәсіпер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты.

Сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жазасын жеңілдетіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімге келді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Боранбаев пен Роман Наханов қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына мүлкін тәркілеп, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова.


Боранбаев пен Наханов өмір бойы мемлекеттік қызметті атқара алмайды. Сондай-ақ судья болу, жергілікті басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның құрамындағы ведомстволарда, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет ету құқығынан айырылды.Қазақстан президентіне Қайрат Боранбаевты «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Парасат», III дәрежелі «Барыс» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

22 тамызда апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында сотталушылар кінәсін мойындап, процестік келісім жасасу туралы өтінішхат берген болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар