61 жастағы Илияна Йотова Болгариядағы президенттік институттың 33 жылдық тарихындағы алтыншы мемлекет басшысы атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейінгі президент Румен Радев елді терең саяси дағдарыстан шығарғысы келетінін айтып, 19 қаңтарда отставкаға кеткен. 23 қаңтардағы Конституциялық сот шешіміне және негізгі заң талаптарына сәйкес, вице-президент президенттік өкілеттікті мандат мерзімі аяқталғанға дейін атқарады. Осылайша Болгария өз тарихында тұңғыш рет әйел президентке әрі Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысына ие болды.
Жаңа қызметінде Илияна Йотова парламенттік партиялармен консультациялар өткізгеннен кейін сайлау күнін белгілейді.
"Бұл соңғы бес жыл ішіндегі сегізінші сайлау болмақ. Мұның себебі парламенттік күштердің жаңа үкімет құра алмауында", - делінген жарияланымда.
Соңғы тоғыз жыл бойы Илияна Йотованың қызметіндегі негізгі басым бағыт шетелдегі болгар диаспорасымен жұмыс, жексенбілік мектептерді сақтау және болгар тілін оқытуды дамыту болып келген.
