Болат Назарбаев Бурабайдағы жерлерді “таныс арқылы” алуы мүмкін бе?

Көркем Алдабергенова 13 қар. 2025 14:20

Журналист Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан Болат Назарбаев, оның балалары немесе басқа біреулер Бурабайдағы жерді қаншалық “таныстық арқылы” алғанын сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкім сұраққа тіке жауап берді:

“Оны құқық қорғау органдары анықтауы керек. … Міндетті түрде жоғары лауазымды адам болуы шарт емес, ол - жемқорлық та болуы мүмкін, пара да болуы мүмкін, сатып алу да болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені зерттеу қажет”.

Айта кетейік, заңгер Сапарғали Құсайыновтың айтуынша, осындай жағдайға шамамен 1800 жер иесі тап болуы мүмкін. Оның бірнеше ондағаны – кәсіпкерлер, қалғандары – қарапайым тұрғындар.

"Біз соттасамыз, талап-арыз береміз. Біз мұнда тұрамыз, бұл – біздің тұрақты мекеніміз, жеріміз рәсімделген", – деді ауыл тұрғыны Валерий Тищенко.

Ресми түсініктеме

Жер ресурстарын реттеу департаментінде істер Ақмола облысы прокуратурасының нұсқауымен қозғалғанын айтты. Олардың дерегінше, учаскелер ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңды бұза отырып берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар