Болат Бақауов «Павлодар» экономикалық аймағының жұмысымен танысты

Dalanews 24 жел. 2019 04:41 939

Ағымдағы жылы «Павлодар арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындар 43,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Ал экспортталған өнімнің жалпы сомасы 16 млрд теңгені құрады.

Өткен демалыста Болат Бақауов «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, 2019 жылдың қорытындысына арналған жиынға қатысты. Аймақ басшысы «Северхим» ЖШС, «АСКОР» ЖШС, «ЕртісНефтеСервис» ЖШС, «ВЕКТОР – Павлодар» ЖШС, «Росдорком» ЖШС, «РТФ Пвл» ЖШС қолға алған жобалардың барысымен танысты.

[caption id="attachment_48798" align="alignright" width="320"]Әлібек Несіпбеков Әлібек Несіпбеков[/caption]

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Несіпбековтің сөзінше, биыл арнайы аймақтағы кәсіпорындар 43,4 млрд теңгенің өнімін өндірген. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есе жоғары. Өткен жылы мұндағы кәсіпорындар 27 млрд теңгенің өнімін шығарған еді.

– Биыл 16 млрд теңгенің өнімі экспортталды. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,3 есе жоғары, – деді Әлібек Несіпбеков. – Салықтық түсімдер де 1,4 есе артты. Мұндағы кәсіпорындар 2019 жылы қазынаға 2,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Мемлекеттің 1 теңгесіне 12,5 теңге жеке инвестиция тартылғанын да атап өткен абзал.


Еске сала кетейік, бүгінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 283 млрд теңгеге барлығы 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 10-ы нақты жұмыс істеп тұр. 10 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Келер жылы 7 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Тағы 11 жоба пысықталу үстінде.


– Жұмыс істеп тұрған 10 жобаға 76 млрд теңге инвестиция салынды. Оның 24 пайызы немесе 18 млрд теңгесі – шетелдік инвестиция. 1670 жұмыс орны ашылды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыс орындарының саны 220 бірлікке көбейді, – деді Әлібек Несіпбеков.

Оның айтуынша, келер жылы 10 жоба пайдалануға берілмек.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы 1200 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде оның тек 360 гектары пайдаланылған.

Болат Бақауов «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, санға емес, сапаға ерекше мән беру керектігін ескертті.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар