Вице-министр қазақ тілінінен 135 балл жинады
Айтпақшы, шенді ханымдар "Қазтест" жүйесінде қазақ тіленінен сынақ тапсырып, жоғарғы 135 баллға ие болғаны жайындағы сертификатқа ие болғанын орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланғаннан кейін бұл журналистердің күдігі қоюлана түскен.
Бұл мәселеге ерекше назар аударған Ratel.kz сайты біраз жайттың бетін ашқандай болды. Өз кезегінде әріптестеріміз қос шендінің сынақ тапсырғандардың тізімінде аты-жөні кездеспегенімен, грант иелерінің тізімі жарияланғанда Эльмира Суханбердиева мен Зульфия Төребекова ханымның пайда бола кеткенін түсіну үшін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ы Жанболат Мелдешовтың атына хат жолдап, мәселенің мәнісін анықтауға талпынғаны блгілі.
Өйткені ұдай журналистер алдына шығып, мәлімдеме жасап жүрген Эльмира Суханбердиева ханымның қазақ тілін жетік біледі деген қорытындыға Ratel.kz сайтындағы әріптестеріміз күдікпен қараған.
Орталық басшысы Жанболат Мелдешов вице-министр Эльмира Суханбердиева "Қазтест" орталығынан қазақ тілін еркін меңгергенін айғақтайтын 135 баллдың сертификатын Халықаралық бағдарламалар орталығына әкеліп тапсырғанын алға тартты. Мелдешев қазақ тілі бойынша ең жоғарғы 150 баллдың 75 баллына ие болған үміткерлер келесі кезеңге жіберілетінін мәлімдеді.
Мелдешевтың мұнысы не?
Журналист сұрақтарына жауап берген орталық президенті "Егер "Болашақ" бағдарламасы бойынша барлық сынақтан сүрінбей өткен адам өзінің есімін жалпы тізімде көрсетілгенін қаламаса, біздер оның есімін жалпы тізімде көрсете алмаймыз", – деп ойын ортаға салыпты.
Еліміз ашық қоғам орнатуға ұмытылып отырғанда орталықтың "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім грантына ие болғандардың аты-жөнін жұрттан жасырып қалуға әрекеттенуі демокртиялық қоғамның талаптарымен үйлеспейтіні белгілі.
Бұл жағдай өз кезегінде жемқорлыққа, қазақ тілін білмейтін шенділердің қарапайым салық төлеушілердің есебінен білім грантын иеленіп кетуіне жол ашатына сөзсіз.
Сондықтан орталықтың шенділердің қолайына жағатын талап қойып алу дұрыс емес. Бізде билік басында жүрген шенеуніктердің көпшілігі қазақ тілін жетік білемейді. Ал олар мемлекеттік қызметінен "академиялық демалыс" алған соң, "Болашақ" бойынша шетелге барып, мемлекет есебінен білім алуға ықыласы ауа қалатынын жақсы білеміз.
Егер олардың есімі білім грантына ие болғандардың қатарында көрініп қалса, олардың қазақ тілі бойынша сынақты қалай тапсырғаны қоғамдық ортада біраз дауға себепші болатыны айтпасада белгілі.
Сондықтан орталықтың жалпы тізімнен жекелген адамдардың " желаниясы" бойынша атын-жөнін жасырып қалу адам құқын қол сұғумен шатастыруға боламайды. Қайта осы "Болашақтың" сынағынан сүрінбей өткен шенділердің қазақ тілін қаншалықты меңгергенін және олардың қазақ тілін қаншалықты құрметтейтінін біліп отыру қоғам үшін маңызды.
Шенділер мемлекеттік қызметке тағайындалғанда қазақ тілін қаншалықты тапсырғаны жайында сынақ тапсырмай ма? Сондықтан шенділердің бұл жерде жұрттан жасыратын ешетеңесі жоқ. Егер шенділер жалпы тізімде қазақ тілі бойынша сынақты сәтті тапсырғандардың қатарында жүрсе, халықтаң оларға деген "құрметі" арта түседі емес ме? Сондықтан халықтың шенеуніктерге деген сүйіспеншілігін оятатын индикаторды пайдаланбай отырған Халықаралық бағдарламалар орталығының ісінс қалай ақылға жеңдіруге болады?
Мемлекет 100 мың доллары өзін ақтай ма?
Меніңше, "Болашақ" бағадарламасының грантына ие болу бұл жастарға қазақ тілін үйретудің төте жолы. Қазір жастардың көпшілігі шетелге барып білім алғанды жөн санайды. Ал олар мемлекет есебінен берілетін білім грантына қазақ тілін еркін меңгермесе ие бола алмайтынын ешқайсы білмейді.
Білім және ғылым министрлігі жастар мен шенеуніктердің тілін сындыратын осы бір тамаша мүмкіндікті неге пайдаланбайды? Бізге осы жағы түсініксіз. Бізде Президенттікке үміткерлердің өздері қазақ тілінен сынақ тапсырып, халық алдында қазақ тілін еркін меңгергенін дәлелдейді ғой.
Сондықтан "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім грантына ие болғандардың қазақ тілін қаншалықты еркін меңгерінін халық білу үшін, оны жасырмай, әлеуметтік желіде онлайн-режимде қазақ тілінен сынақты қалай тапсырғанын жұртшылыққа көрсету керек. Сол кезде жастар да, шенділер де қазақ тілін меңгермесе өзінің болашағына балта шабатынан жан-жүрегімен сезінеді.
Білім және ғылым министрлігінің мұндай талап қоятын толық хақы бар. Өйткені ел Конституциясында қазақ тілінің орыны соқырға таяқ ұстатқандай анық көрсетілген. Егер үміткерлер қазақ тілі бойынша онлайн-режимде қазақ тілінен сынақ тапсырса, ешқандай заң бұзушылық, адам құқын шектеу болып саналмайды. Қайта мемлекетімізге, елдігімезге деген құрметті арттыра түседі.
"Болашақ" бағдарламасы арқылы білім алушылар қазақша сөйлейтін халықтан жиналған салық есебінен шетелде білім алып жүргенін минут сайын сезініп, халық алдындағы моральдық жауапкершілігін ұдайы сезініп жүре еді.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, АҚШ-та білім алуға ұмытлған бір үміткерге мемлекет қазынасынан 100 мың долларға дейін ақша шығындайды. Айтпақшы, "Болашақ" грантына ие болған Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның Беркли университетінде білім алуы шамамен 40 мың доллар жұмсалады екен.
40 мың доллар оңай ақша емес. Бұл ауылды жерде бір отбасының тұтас тағыдырын шешетін қаржы. Ауылда қолынан іс келетін талай адам кәсіпкерлікпен айналысу үшін 40 мың долларға қол жеткізе алмай қиналып жүр емес пе?
Сондықтан білім грантына ие болғанда уақытын босқа өткізбей, өзіне мемлекет тарапынан қаншама ақша жұмсап жатқанын сезіп, халық алдында үлкен жауапкершілікті сезінуі тиіс. "Болашақ" бағдарламасы жастар мен шенділердің халық пен қазақ тілі алдында өзінің борышты екенін сезіндірудің тамаша мүмкіндігі. Өкінішке орай, біздер осы бір мүмкіндікті тиімді пайдаланып отырған жоқпыз.
Н.ӘУБӘКІР.
https://dalanews.kz/27910