Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болашақта танымал болатын мамандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрлік Қазақстанда шамамен 2,2 миллион жұмыс орнын технологиялар мен жасанды интеллект алмастыруы мүмкін.
Қазірден бастап қай саланы меңгеру керек?
- жасанды интеллект саласындағы әзірлеу және инжиниринг
- деректерді талдау
- киберқауіпсіздік
- жаңартылатын энергетика
- "жасыл" технологиялар мен орнықты даму
- HR және кадрларды басқару
- оқыту, тәлімгерлік, тренинг
- психология және кеңес беру
Microsoft зерттеуіне сәйкес, жойылу қаупі төнген мамандықтар қатарында аудармашылар, жазушылар, телефон операторлары, радио жүргізушілер, саясаттанушылар, математиктер және тіпті хостес қызметі де бар.
Қай мамандықтар "жойылады"?
Еңбек министрлігінің мәліметінше, олар талдау жүргізіп, осал және болашағы бар негізгі мамандық топтарын анықтаған. Қауіп аймағына "ақпаратты өңдеу, құжат айналымы және қарапайым операциялық міндеттерге" байланысты кәсіптер кірген.
"Бұл санатқа әкімшілік және кеңсе қызметтері жатады: хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер, бухгалтерлік және есеп қызметкерлері. Дәл осы мамандықтардың міндеттері автоматтандыруға көбірек ұшырайды, өйткені олардың функцияларының басым бөлігі жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер арқылы орындала алады", – деді министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауапта.
Қауіп төнген мамандықтар
Болашақта қайталанатын жұмысты атқаратын мамандықтар да жоғалуы мүмкін:
- конвейер мен құрастыру желісіндегі жұмысшылар – өндірістің роботтандырылуына байланысты;
- жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілері – жүргізушісіз көліктердің пайда болуына байланысты;
- кассирлер – өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары мен автоматтандырылған жүйелердің енгізілуіне байланысты;
- колл-орталық операторлары – оларды жасанды интеллект пен чат-боттар алмастыруы мүмкін;
- тракторшылар мен комбайн жүргізушілері – ауыл шаруашылығында автоматтандырылған техниканың енгізілуіне байланысты.
Министрлік цифрландыру, климаттың өзгеруі және демографиялық жағдай да қатарлас салаларға әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.