Болашақта Астана мен Алматы көшелерінен орысша білетін бір адамды таппайсың

Dalanews 13 шіл. 2017 12:33 810

Бір кезде Ресейдің өзі француз тіліне табынған. Элитасы, ақ патшаның сарайы жаппай французша сөйлеп, ұл қыздарына француз мұғалім жалдап оқытқан (Пушкиннің "Дубровский" атты шығармасын оқып көріңіздер).

Сол тұстағы орыс зиялыларының өзі, "орыс тілі шаруалардың, мұжықтардың тілі, енді 50 жылдан кейін орыс тілі жойылады, Мәскеу мен Санкт-Петербор көшесінде орысша сөйлесең түсінетін адам таппайсың" деп сәуегейлік жасаған.

Ал, бүгін қалай? Жоғарыдағы екі қаланың көшесінде французша жөн сұрашы. Неше адам жауап берер екен? Французша білетін бір адамды таппайсың.

Енді, ширек ғасырдан кейін Астана мен Алматы көшесіне шығып орысша сөйлесең дәл солай болады. Ешкім орысша білмейтін болып шығады.

Орыс тілінің әлемде бүгін де орны жоқ. Қазақстаннан да аластатылып кетер күні алыс емес. Орыс тілі ажалы жеткен аю ғой. Ащы шындық осы. Біздің қоғам осы шындыққа көз жеткізе алмай отыр.



 

Қуандық Шамахайұлы

(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар