Freedom Inside '26

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
pixabay.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімін жариялады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

"Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды", - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Тізімді мына жерден көре аласыз.