Болашақ Қазақстан білімді жастардың қолында

Dalanews 16 жел. 2021 05:23 1996

Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың баға жетпес байлығы. 30 жылдың ішінде Қазақстан көптеген белестерге жетті.

Алғашқы кезден бастап-ақ елімізде білім саласын дамыту үшін түрлі оқу орындары ашылып, мамандарды даярлай бастады. Жастарымыз ірі қалалармен қатар шағын елді мекендерде де білімін толықтырып, белгілі бір саланың маманы атанды. Ал Тәуелсіз елдің ең басты жетістігі – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы болатын. Мыңдаған студент Еуропаның, АҚШ-тың, Азияның алпауыт елдеріндегі белді университеттерге түсіп, жаңа білім көкжиегіне шығып, маман иесі атанып елге оралуда. «Болашақ» Қазақстанның болашағын қалыптастыруда зор үлес қосуда.

Ал отандық белді университеттер әлемнің үздік ТОП-200 ЖОО санатынан табылуда. Және де алыс-жақын шетел студенттері де біздің елде оқып, маман атануда.

Қазақстан 30 жылдың ішінде мыңдаған мектеп ашып, жүздеген оқу орынның базасын күшейтті.

– Біз осындай мүмкіншіліктерді пайдаланып, оқып, білім алып, мемлекеттің өркендеуіне, елдің іркілмей дамуына өзіміздің үлесімізді қосуымыз қажет. Мектептің бағдарламасы болсын, жоғарғы оқу орындарының білім беру жүйесі болсын, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті тұлғаларды, мамандарды даярлауда. Мен осындай тәуелсіз елде білім алып, зейінімді кеңейтіп жатқаныма қуаныштымын. Мемлекет жастардың сауатты болуына, білікті маман болып шығуына барлық мүмкіндікті жасап отыр, – дейді елордалық студент Жансая Мәулен.

Жалпы Қазақстанда мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі – 65%, орыс тілінде – 30%, ал 5 пайызы ағылшын тілінде білім алады.

https://youtu.be/otHApnZZKa4

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар