«Болашақ дәрістері» жалғасын тапты

Dalanews 24 қаз. 2015 11:30 1036

Жақында «Болашақ дәрістері» республикалық науқаны тағы да жалғасын тапты. Болашақ бағдарламасының түлегі, шет елге бренд шығарған алғаш Қазақстандық компания - «Red Dragon» жылдам тағам желілерінің негізін қалаушы, "Мен алматылықпын"  қауымдастығының көшбасшысы  Константин Авершин Алматы менеджмент Университеті студенттеріне «Қарапайым Болашақ түлегінің өмірдерегі» атты дәріс өткізді.


Аталмыш шара «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырумен Алматы менеджмент Университетінің кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту орталығы және «ForteBank» акционерлік қоғамының  қолдауымен өтті.


 «Болашақ дәрістері» республикалық акциясы – бұл өз мамандықтарының озық өкілдерінің – әр түрлі салалардың жетекші басқарушыларының, ірі компаниялар топ-менеджерлерінің, қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған  «Болашақ» Қауымдастығы мүшелерінің дәрістері.


Дәрістердің форматы: спикердің академиялық дәрісі, оның жеке «жетістіктері тарихы» сонымен бірге «сұрақ-жауап» принципі бойынша диалог платформасы. Дәрістердің бірегейлігі студенттер кәсіпқойға тікелей сұрақ қоюдан және оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алудан тұрады.


Спикерлер көздейтін басты идея – студенттерді кәсіби қызметте озық нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыру, олардың шығармашылық және оқу әлеуетін ашу. Табысты болашақшылар өздерінің мысалында өз ісінің кәсіпқойы қалай болатыны туралы айтып және көрсетіп береді.


Дәріс барысында студенттер спикерге өз ойларын ашық айтып, кәсіпкерлік саласында ойларын талқылады, осылайша Константин Авершин өзінің өмірлік тәжірибесін  жастармен бөлісті.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар