Freedom Inside '26

"Болашағы не болады?": Шоу көрсетемін деп жанарынан айырылған сарбаздың анасы мәлімдеме жасады

"Болашағы не болады?": Шоу көрсетемін деп жанарынан айырылған сарбаздың анасы мәлімдеме жасады
"Алматы" телеарнасы

Жамбыл облысында әскери қызметкер басына бөтелке жарамын деп жанарынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жараланған сарбаз Жақсылық Молдақұлдың анасы Гүлзира Байқонысова болған жағдайға сене алмай отыр. Ол – жалғызбасты ана.

"Балам – менің жалғыз қорғаным, жалғыз асыраушым. Үйленбеген, әлі бойдақ. Енді оның болашағы не болады? Қандай жұмыс істей алады? Ешкім нақты жауап бермейді", – деп налып отыр әйел.

Еске салайық, бұған дейін жағаұстатар оқиғаның егжейін-тегжейін жаздық. Оқыс оқиға салтанатты іс-шара барысында болған.