Басына бөтелке жарған сарбаз жанарынан айырылды

Асель Қайратқызы 25 қар. 2025 16:47

Жамбыл облысында 24 жастағы әскери қызметкер салтанатты іс-шара барысында басына бөтелке жарып, бір көзін қатты жаралап алды. Дәрігерлер әскери қызметкер дер кезінде емделмесе, екінші көзінен де айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға өткен сенбіде Жуалы ауданындағы 91678 әскери бөлімінде болған. Жас сарбаздардың ант қабылдауы рәсімі кезінде әскерилер ата-аналар алдында ұрыс өнерін көрсеткен. Сол сәтте сарбаздың басына жарған бөтелкенің сынықтары көзіне кіріп кеткен. Нәтижесінде сарбаз көз жанарынан айырылды. 24 жастағы азамат бұған дейін қауіпті трюкті бірнеше рет жасағанын айтты.

Дәрігерлер қажетті ем-шара жасағанымен, көз жанарын сақтап қалу мүмкін болмады. Ал әскери бөлімнің басшысы жәбірленушіні далада қалдырмаймыз деп уәде етті. Ол қажетті ем-шараларын қабылдағаннан кейін жұмысқа оралуы мүмкін деп мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар