Желіде Димаш Құдайбергеннің бес жасында музыка мектебінде оқып жүрген кезінде түсірілген архивтік суреті жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жарияланған архивтік фото жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болды.
"Керемет бала", "Ол сахна үшін туған. Біз сені жақсы көреміз, Димаш", "Қандай сүйкімді кішкентай Димаш", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.