Биылғы бірінші тоқсанда Ұлттық қорға 785,37 млрд теңге түскен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның негізгі бөлігі мұнай секторындағы компаниялардан жиналған салық пен төлем есебінен қалыптасқан. Соның ішінде:
- мұнай секторындағы заңды тұлғалар төлеген корпоративтік табыс салығы - 312,9 млрд теңге;
- өнімді бөлу бойынша Қазақстан үлесі - 238,75 млрд теңге;
- мұнай компаниялары төлеген пайдалы қазбаларды өндіру салығы - 167,5 млрд теңге;
- экспортқа шығарылатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын ренталық салық - 62,4 млрд теңге;
- өнімді бөлу туралы келісім аясындағы қосымша төлем - 2,1 млрд теңге;
- артық пайда салығы - 353,7 млн теңге. Бұл төлем тек наурызда түскен.
Бұған дейін сәуірде Ұлттық қордан 300 млн доллар көлемінде валюта сатылғаны айтылған еді. Жыл басынан бері қордан күн сайын орта есеппен: қаңтарда 18,5 млн доллар; ақпанда 20 млн доллар; наурызда 22 млн доллар; сәуірде 13,6 млн доллар көлемінде валюта сатылған.