"Қазгидромет" РМК ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбіде бірқатар облыста тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады.
Атырау облысында түнгі және таңғы уақытта өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігіне қалың тұман түседі.
Алматы облысында 26 қарашада түнде және таңертең солтүстік пен батыс аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың оңтүстігі мен тау бөктерінде 15–20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетпек.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстік және шығыс бөлігінде тұман байқалады.
Шығыс Қазақстан облысында түнгі сағаттарда өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде көктайғақ түзіледі. Сонымен қатар батысында, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Желдің күшеюі 15–20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді.
Абай облысында түнде солтүстік пен орталықта қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және шығыс аймақтарда – тұман. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғып, кей өңірлерде екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында таңертең және күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды облысында түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарды тұман басады.
Павлодар облысында да 26 қарашада батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында солтүстік, оңтүстік және орталық аумақтарда тұман түседі.
Жетісу облысында жел шығыстан соғып, Алакөл маңында оның жылдамдығы 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыста туман түседі.
Ақмола облысында да осы күні батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман күтіледі. Түнде және таңертең желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.
Астанада 26 қарашада түнгі және таңғы уақытта жел 15–20 м/с жылдамдыққа дейін үдейді.
Солтүстік Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ пайда болады, боран соғады. Батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысында 26–28 қараша аралығында кей уақытта тұман түсіп, таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с болады.
