“Бірнеше рет пышақтаған”. Атырауда әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

“Бірнеше рет пышақтаған”. Атырауда әйел күйеуінің қолынан қаза тапты
Фото: ЖИ

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Атырауда болған қайғылы оқиғаға қатысты жазба жариялап, құзырлы органдардан ресми ақпарат беруін сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 2026 жылғы 22 шілдеде болған. Күйеуі келіншекке бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Марқұмның жанында үш жасар қызы болғаны айтылады. Кейін күдікті ұсталғаны хабарланған.

Жанат Жақсыбайқызы бұл дерек өзіне марқұмның жақындарынан WhatsApp арқылы жолданғанын көрсетіп, хабарламада күдіктінің ұсталғаны және үш жасар қыздан жауап алынуға шақырылғанын жеткізді.

“Тағы да сұмдық. Тағы да әйел өлімі. Демалыстан кейінгі жұмыс күніміз тағы да жан түршігерлік ауыр қылмыспен басталды. Бұл қанды қылмысқа қатысты ресми ақпарат неге жарияланбай отыр?”, – деп жазды журналист.