Бір жылда Қазақстандағы тұрғын үй бағасы 10 пайыздан астам өсті

Көркем Алдабергенова 12 қар. 2025 11:36

Қазан айында елдегі тұрғын үй бағасы тағы шамамен 1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы қазанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 555 161 теңге, ал екінші нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі 571 828 теңге болды. Бұл өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда сәйкесінше 13,1% және 11,6% өсім. Бір айдың ішінде баға жаңа баспанада 1%, ал екінші нарықта 0,9% көтерілді.

Пәтер жалдау да қымбаттады

Tenge.kz сарапшыларының сөзінше, 2025 жылдың қазанында Қазақстанда тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалға алу құны 4 807 теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы айымен салыстырғанда 10,5%, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1,2% жоғары.

Жаңа тұрғын үй бойынша ең қымбат қалалар

  • Алматы – 667 027 теңге/ш.м
  • Астана – 650 133 теңге/ш.м
  • Атырау – 521 361 теңге/ш.м

Ең арзан жаңа баспана келесі қалаларда тіркелген:

  • Орал – 299 155 теңге/ш.м
  • Ақтөбе – 313 978 теңге/ш.м
  • Көкшетау – 332 973 теңге/ш.м

Екінші нарықтағы ең жоғары бағалар:

  • Алматы – 716 112 теңге/ш.м
  • Астана – 678 190 теңге/ш.м
  • Атырау – 495 004 теңге/ш.м

Ең төмен бағалар тіркелген қалалар:

  • Қызылорда – 312 596 теңге/ш.м
  • Көкшетау – 340 919 теңге/ш.м
  • Ақтау – 342 500 теңге/ш.м

Пәтер жалдау нарығы

Жалға берілетін жайлы тұрғын үйлердің ең жоғары бағасы:

  • Алматы – 5 629 теңге/ш.м
  • Астана – 5 287 теңге/ш.м
  • Қарағанды – 4 638 теңге/ш.м

Ең төмен баға көрсеткіші бар қалалар:

  • Тараз – 2 362 теңге/ш.м
  • Түркістан – 2 602 теңге/ш.м
  • Ақтөбе – 3 049 теңге/ш.м

2025 жылдың қазан айында ел бойынша 41 259 тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілесі тіркелді. Бұл көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 0,1% аз, ал өткен жылдың қазанымен салыстырғанда 5,4% көп.

Сату-сатып алу бойынша көшбасшылар:

  • Астана – 8 945 мәміле
  • Алматы – 7 868 мәміле
  • Қарағанды облысы – 2 982 мәміле

Ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелген – бар болғаны 327.

Өңірлік өзгерістер

Қыркүйекпен салыстырғанда қазанда мәмілелер саны ең көп өскен өңірлер:

  • Қостанай облысы – +15,8%
  • Шымкент қаласы – +7,7%
  • Алматы облысы – +7,4%

Ал төмендеу байқалған өңірлер:

  • Қызылорда облысы – -28,4%
  • Алматы қаласы – -11,2%
  • Ақтөбе облысы – -5,2%.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар