"Бір жыл бұрын әйелімнен айрылған едім". Шымкенттегі төбелесте ұлынан айырылған әке сұхбат берді

Сағыныш Сардарова 22 қаң. 2026 12:24

Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мерт болған азамат - Василий Колесников. Ұлынан айрылған Александр Колесников ZTB-ға сұхбат берген.

"Ұлым жетіспей тұр. Бір жыл бұрын әйелімнен айрылып қалған едім, енді ұлым жоқ. Төрт ұлым бар, енді үшеу қалды. Кішілерге айтпадым, көлік апатынан қаза тапты дедім. Ал шынында пышақтан, кісі қолынан қаза тапты. Орны ойсырап тұр", - деді әкесі.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove