Білімді әрі еңбекқор адам - Тоқаев Бектенов туралы сөз қозғады

Қаракөз Амантай 06 ақп. 2024 15:43 2438

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы қызметіне тағайындалған Олжас Бектеновке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқаев Бектеновке зор сенім артатынын атап өтті.

"Ұйымдастырушылық қасиеті өте жақсы. Білімді әрі еңбекқор адам. Сондықтан жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға әлеуеті жетеді деп ойлаймын. Келісім берсеңіздер Олжас Абайұлы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады деп ойлаймыз", - деді Президент.

Еске салайық, Олжас Бектенов бүгін Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар