Білікті мамандардың 5 мыңнан астам сауалы – монстр-монополист ұйымның құрылуына қарсы!

Жарбол Кентұлы 24 мау. 2024 12:45 4222

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдағаны белгілі.

Аталған заң жобасын қарау барысныда «Ойын бизнесі туралы» заңына да бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген-ді. Нәтижесінде екінші оқылым қарсаңында құжатта бұрын тарифтерді есепке алу орталығы деп аталатын Бірыңғай есеп жүйесі (БЕЖ) туралы ереже пайда болды. Мәжіліс депуттары енгізген бұл түзетулер нарықты реттеуші ҚР Ұлттық Банкімен және төлем ұйымдары нарығының өкілдерімен талқыланып, сала мамандарының кеңесіне құлақ аспаған. Жалпы, тарифтерді есепке алу орталығы ешқандай ауыртпалық көрсеткпен болатын.

Сонымен қатар саланы реттеу ісіне қажетті талдау жүргізілмеген, бұдан заңды қарау мен қабылдау тәртібін өрескел бұзылғанын байқауға болады.

– Бұл норманың негізгі мақсаты – жылына 1,2 триллион теңге тұратын төлемдер, электронды ақшалар және әмияндар нарығының бір бөлігін бақылауға алатын жеке делдалдық монополист құруды көздейді, – деп түсіндірді Төлем ұйымдары қауымдастығының басшысы Төлеген Тыныштыбаев мырза.

Қазіргі таңда аталған нарыққа бірнеше ондаған төлем ұйымдары мен банктер, төлем терминалдарын өндірушілер мен олардың агенттері қызмет көрсетіп, ондаған мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп келеді. Енді осы жүйеге қауіп төніп тұр.

Сала мамандары уәкілетті мемлекеттік органдардың нарықты реттеуге қажетті өкілеттіктері мен құралдары қазірдің өзінде бар екенін алға тартуда. Бұл міндет Ұлттық банкке, Қаржы мониторингі агенттігіне және Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелсе, әкімшілендіру автоматтандырылған онлайн режимінде жүзеге асырылған. Яғни, жүйе сағат секілді тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Жаңа норманы енгізудің басты мақсаты – жеке монополиялық компанияның функцияларын монополиялау болып табылады.

Жаңа нормаға сәйкес салаға қызмет көрсететін жеке делдалдық монополистің жұмысын реттеу Туризм және спорт министрлігінің заң актілерімен реттелуі мүмкін. Өкінішке қарай, екінші оқылымда айтылған бұл мәселе еліміздің қаржы жүйесінің негізгі реттушісі Ұлттық банкке  мүлде хабарланбаған.

Төлем ұйымдарының қауымдастығы мен нарықтың басқа да субъектілері Сенат депутаттарына норманы қабылдау рәсімдерінің өрескел бұзылғанын, саланы реттейтін Ұлттық банктың тиісті талдауының жоқтығы және монополияға қарсы органдардың қорытындысы жоқ екенін алға тартып, бұл мәселені нарықтағы еңбек етіп жүрген сарапшылармен бірлесіп талқылаудың қажет екенін алға тартып, 5 мыңнан астам сауал жолдады.

Осылайша кәсіпкерлер Сенат депуттарынан жобаны үшінші оқылымда қабылдамай, талқылаудың барлық тәртібін сақтап, шикі заңды Мәжіліске қайтаруды сұрап отыр.

Қазақстандағы жетекші төлем ұйымдарының өкілдері бұған дейін баспасөз мәслихатын өткізіп, онда Бірыңғай есеп жүйесі секілді монополист құру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік аппарат пен экономиканы қайта жандандыру жөніндегі саясатына қайшы келетінін айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Тағы бір монополист ұйымның құрылуы еліміздің ұшпаққа шығармайтыны анық. Бұған Сенат депутаттары тосқауыл қоюы керек!  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар