Бейсен Құранбекке уыс-уыс ақша ұсынған кім?

Dalanews 10 мау. 2017 05:45 1029

“Айтуға оңай" бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек өзіне уыс-уыс ақша ұсынған таксистің әрекетін айтып берді.

Бұл туралы ол Фейсбуктағы парақшасында жазды.

“Сейфуллин-Гоголь көшелерінің қиылысынан жұмысқа дейін такси ұстағам. Бір Lada тоқтады. Рөлде – жасы жиырма бестің шамасындағы жас жігіт. Мені танып: -“Айтуға оңайды” жүргізетін ағасыз ба? деді. Жетісайдың жігіті екен. Жақында көшіп келіпті. Үй салсам деген ниеті бар екен. Содан ананы-мынаны айтып келе жатқанымызда ол қалтасынан ақшаларын шығара бастады. Бөлек-бөлек екі мың, бір мың, бес мың теңгеліктер. Умаждап сала беріпті. Такси боп тапқаны көрініп тұр. Соларды маған ұсынып, “аға, мынаны алыңызшы” дейді” – деп жазады журналист.

Журналист бірден таңырқай қарап, мұндай таксисті алғаш рет көріп тұрғанын айтып таң қалады.
“Ол заманда, бұл заман таксистер клиентке қашан ақша беруші еді? деймін ғой. Сөйтсем, “xабарға көмек сұрап келгендерге берерсіз” деп қарап тұр. Алмадым. “Айналаңда мұқтаж жандар бар шығар, соларға бер” дедім. Іштей риза болдым. Әкесіз өскен, қиындықты көп көрген жігіт екен. Құдай да бергенге береді ғой, бұл бауырымның да тілеуін берсе екен, өсіп-өнсе екен деп тіледім”,

– деп жазады ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар