«Бейпартиялық сайлау орталығы» әкімдер сайлауына қызу дайындалуда

Dalanews 15 шіл. 2021 05:52 764

Алматы облысы бойынша  ауылдық округ әкімдері сайлауында тәуелсіз бақылау жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы  облысында ағымдағы жылдың 25 шілдесінде  тікелей сайлау арқылы 71 ауылдық округте әкімдер сайланады.

Сайлау процесін байқау үшін «Бейпартиялық сайлау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы  облыстық филиалы ашылып, 17белсенділерқамтылды.

– Елімізде тұңғыш рет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді. Осы орайда сайлау процесінің ашықтығы мен  заңдылығын байқау үшін  «Бейпартиялық сайлау  орталығы» құрылып, жұмысын жолға қоюда. Аталмыш орталық атынан біздің өңірімізде 484байқаушы арнайы оқытудан өтіп жатыр. Мақсатымыз – алдағы сайлаудың ашық, заңға сәйкес өтуіне өз үлесімізді қосу, – дейді «Бейпартиялық сайлау  орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының жетекшісі Жанат Төлемисова.

Жалпы Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлауы өтеді. Бейпартиялық сайлау орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде ресми тіркеуден өткен филиалдары арқылы шамамен 1700 сайлау учаскесіндегі сайлау үдерісін бақылауды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде байқаушылар арнайы оқытудан өтіп, сайлау үрдістеріне қатысты білімін шыңдауда. Жалпы, Бейпартиялық сайлау орталығының қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.

Талдыкорган қаласы, Қаратал ш/а, 36а, офис 313 мекенжайы бойынша келіп, бейпартиялық сайлау  орталығының өңірлік штабының жұмысымен танысуға шақырамыз.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар