«Бессмертный полк» акциясына бойкот: ҰҚК жалған Telegram бот пайда болғанын ескертті

Көркем Алдабергенова 08 мам. 2025 09:06 606

Әлеуметтік желілерде патриоттыққа қарсы риториканы тарататын, «Бессмертный полк» акциясына бойкот жариялауға шақыратын немесе қоғамды жікке бөлуге бағытталған өзге де әрекеттерді жасайтын тұлғалар туралы ақпарат жинау үшін Telegram боты құрылғаны туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі» деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл «мәлімдеме» — жалған, ондағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

ҰҚК-нің ресми ақпараттары тек «knb.gov.kz» сайты, «knbgov_kz» Telegram-арнасы және «knbgovkz» Instagram-парақшасы арқылы жарияланады.

ҰҚК тек ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар