“Қазгидрометтің” мәліметінше, қолайсыз ауа райы жағдайларына (тұман, бұрқасын, көктайғақ) байланысты бес облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін, сондай-ақ барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады:
• Дауылды ескерту жарияланған кезде, әсіресе түнгі уақытта алыс сапарларға шықпаңыздар және жаяу жүруден бас тартыңыздар.
• Ауа райы мен жол қозғалысына қатысты жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар.
Бұған дейін еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.