Берлинде Украина мен АҚШ делегацияларының келіссөздері аяқталды

Көркем Алдабергенова 15 жел. 2025 10:01

Берлинде Украина мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздер аяқталды. Кездесу шамамен бес сағатқа созылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тараптар кездесуді ертең, 16 желтоқсанда жалғастырамыз деп келіскен.

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Берлинде украин делегациясымен өткен келіссөздерде «айтарлықтай ілгерілеуУ» болғанын мәлімдеп, ертең қайта кездесу өтетінін растады.

«Берлинде президент Владимир Зеленский, арнайы өкіл Уиткофф, Джаред Кушнер және АҚШ пен Украина делегацияларының қатысуымен өткен кездесу бес сағаттан астам уақытқа созылды.

Тараптар бейбіт реттеу жоспары, экономикалық бағдарламалар және өзге де мәселелер бойынша жан-жақты талқылау жүргізді. Елеулі прогреске қол жеткізілді, ертең таңертең келіссөздер қайта жалғасады», – деп жазды Уиткофф X әлеуметтік желісінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар