Bereke Bank жеке кәсіпкерлерге банктік қызметтерді өз бетінше таңдап, өзгертетін және банк комиссияларын 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей қызметтін ұсынып отыр. Бұл қызмет «Тарифті өзің жинақта» деп аталады.
Ендігі кезекте Bereke Bank ұсынған қызмет түрі кәсіпкерлердің қандай мәселелерді шешіп, оның бизнес үшін несімен тиімді деген мәселені жан-жақты тарқатып айтсақ.
Әдетте кәсіпкерлер банктердің дәстүрлі тарифтеріндегі көп қолданылатын танымал қызметтерін қолданған кезде оған өте аз лимит беретініне көңілдері толмай жататыны (олар ай сайынғы аударымдар) белгілі. Сонымен қатар, кейбір банктер лимиттері көбірек болатын қымбат тарифтерге қажет емес опцияларды қосатыны да жасырын емес. Бұл үшін кәсіпкерлердің біраз шығындануына тура келеді.
Ал Bereke Bank ұсынған «Тарифті өзің жинақта» тарифтік жоспарында сіз тек өзіңізге қажетті қызметтерді таңдап, солар үшін ғана төлем жасайсыз. Қажетсіз шығындар мүлде қосылмайды. Осы бір ыңғайлы қызмет түрі кәсіпкерлердің банктік комиссиялардан айына ақшасын 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді!
Сайып келгенде Bereke Bank-тің «Тарифті өзің жинақта» қызметі – бұл сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктері үшін қажетті көлемде банктік қызметтерді таңдап, табысты жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын онлайн конструктор десек болады.
Мұны қалай жасаймыз? Кәсіпкерлер үшін маңызды қызметті қосу үшін сізге бірінші кезекте Bereke Bank B-Business қосымшасын жүктеп, тіркеліп, шот ашу (бұл қызметті онлай режимде тегін пайдаланасыз) керек. Бұдан кейін қосымшадағы «Тарифтер» бөліміне өтіп, әрі қарай, «Тарифті өзің жинақта» блогына кіріп, қажетті тарифтер мен лимиттерді таңдайсыз. Қажет болған жағдайда автоматты жаңарту функциясын қосып алуға да болады. Комиссияны төлеу үшін есептік жазбаны таңдап, өтінімге қол қойыңыз. Бар болғаны осы.
Онлайн конструктор төмендегідей танымал банк операцияларын қамтиды:
- Өзге екінші деңгейлі банктерге теңгемен және шетел валютасымен аударымдар жасау;
- Банкоматтар арқылы ақшаны алу және толтыру ;
- Түрлендіру (конверсивтеу) операцияларын пайдаланау;
- Валюталық шарттарды тіркеу.
Әрбір операцияда бірнеше шектеулер бар. Осы ретет айына 5 транзакциядан 40 транзакцияға дейін шектеу бар екенін естеріңізге саламыз. Сол сияқты төлемнің құны да өзгереді. Осы ретте ескертін жайт, сіз таңдаған шектеулер неғұрлым көп болса, 1 операцияның бағасы соғұрлым төмен болатынын ұмытпаңыз. Тарифте қанша үнемдейтініңізді білу үшін «Артықшылықтарды білу» нұсқаулығын өтіп қажетті ақпаратты алуыңызға болады.
Бұл – принцип толық ашықтықты қамтамасыз етіп, банк қызметтері үшін шығындарыңызды толық бақылауға мүмкіндік береді.
– Біздің клиенттер Bereke Bank ұсынған «Тарифті өзің жинақта» қызметі арқылы стандартты тарифтік жоспарды таңдап қана қоймай, өз бизнесінің нақты қажеттіліктерін ескеріп, жұмыс істейтін мүмкіндігі бар. Біздің ыңғайлы қызметімізді тұтынушылардың қажетіне бейімделген инновациялық бірегей шешім десек болады. Біздер кәсіпкерлер үшін комиссияларды үнемдеу, бизнес-процестерін жеңілдету өте маңызды екенін түсінеміз. Біздің өнімдеріміз дәл осы үшін жасалған. Bereke Business көмегімен сіз жай ғана банк қызметтерін пайдаланбайсыз, сіз өз қаржыңызды тиімді басқарып, өзіңіздің кәсіпкерлік қырыңызды барынша пайдалануға мүмкіндік аласыз, – дейді Bereke Bank-тің Цифрлық арналардағы өнімді әзірлеу және дамыту жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Акинбашина ханым.
Қызметтің мүмкіндігі мұнымен шектелмейді! Bereke Bank ұсынған қызмет түрі арқылы кез келген уақытта өзіңіздің тарифтік жоспарыңыздың параметрлерін өзгерте аласыз. Олар – қызметтерді қосу немесе өшіру, шектеулерді өзгерту сынды мүмкіндіктер. Мұны B-Business қосымшасында немесе Bereke интернет-банкингінде жасау үшін бірнеше секундт қана уақытыңыз кетеді. Бұл үшін банкке барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Сіз дәл қазір «Тарифті өзің жинақта» ауыса аласыз. Бірақ Bereke Bank мұнымен тоқтап қалмайды, жыл соңына дейін бұл қызметке пайдаланылмаған қызметтерді айырбастау және қалпына келтіру опцияларын қосады. Бұл мүмкіндіктер «Өз тарифіңді құрастыр» тарифтік жоспарын одан да тиімді ететіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.