Бениамин Файзулин: «Уссурийскіде қытайлар үш жылда жерді жарамсыз күйге түсірді»

Dalanews 18 мау. 2016 04:34 780

Қазақстандықтарға қажетті жағдай жасаса, ауыл шаруашылығы тиісті деңгейде болар еді. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелерінің жұртшылықпен кездесуінде Алматы облысы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Бениамин Файзулин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Өзгерістер орнығып, кеңейтілуі тиіс. Жерге қатысты мәселе түсінікті. Инвестиция – бұл экономикалық мәселе. Бар мәселе – тетікте. Біріншісі – тиісті сенімнің жоқтығы. Бізге сенім артуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Мәселен Ресейді алсақ,  кезінде Уссурийск аумағында қытайлар үш жыл бойы жұмыс істеп, жерді жарамсыз күйге түсірді. Енді қазір уссурийлік бизнесмендер көкөніс пен жеміс-жидек үшін бізге келіп отыр. Мұның бізде қайталануына жол бермес үшін қимылдағанымыз абзал. Меніңше, егер фермерлерімізге қажетті жағдай жасаса, біз ауыл шаруашылығын тиісті деңгейге көтере алар едік», – деп атап өтті Бениамин Файзулин.

 

Дереккөзі: BNews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар