Белгілі саясаткер ескі Қазақстанның өкілін сынға алды

Көркем Алдабергенова 23 мам. 2024 11:52 246154

Саясаткер, экономист Асхат Асылбеков Алматыны басқарған Бауыржан Байбектің былықтары туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

«A-parking деген паркинг болатын, біз соған қарсы шықтық. Біз әкімдік адамдарымен, Қайрат Боранбаевтың ағасымен отырыс жасаған кезде журналистер келіп, жасырын түсіріп алған екен. Ол (паркинг) заңсыз деп оның быт-шытын шығарғанбыз. Себебі халықтың ақшасына асфальт салады, ал олар аппаратын қойып, тұраққа ақша алады. Не үшін? Егер паркингтен бизнес жасағың келсе жер астынан жаса, 10 қабатты ғимараттан жаса, содан заңды түрде ақша ал. Ал ол кәдімгі жолдан ақша алып отыр. Былайша айтқанда муниципалды мүлік. Жеке меншік компания болып, қалай сен халықтан ақша аласың? Маған «кімге қарсы шықпақсың? Ол шешілген нәрсе, неге қарсы шығып отырсың» деп неше түрлі нәрсені айтты», - дейді Асхат Асылбеков Bilgen Durys youtube-арнасына берген сұхбатында.

Саясаткер әкімшілікте істейтін адамдар «қалтасын ойлайтынын» айтады.

«Олар өзінің де қалтасын ойлайды, жоғарыдағы адамдардың да тапсырмасын орындайды. Алматы – мегаполис, республикалық бюджеттің 28 пайызы осы жерде. Жақында ауасы үшін де төлей бастаймыз», - дейді Асылбеков.

Сонымен қатар, Асхат Асылбеков Қаңтар оқиғасы кезінде «халықты пайдалану» сценарийі болғанын айтады.

«Халықтың ниеті – «шал кет» деген ой болған. Халық өзгерісті талап етті. «Қашанға дейін шыдаймыз?» деп әділетті өмірді талап етті. Жоспарда болмаған сценарий болып кетті. Тіпті Талдықорғанда Назарбаевтың мүсінін жерге лақтырды. Көп қалада басқа топтар пайда болды. Солар келіп, бәрін бұзды. Кәрім Мәсімовті соттады, демек соның ұйымындағы адамдар да болды», - дейді саясаткер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар