Белгілі ақын президент Тоқаевтың қайта сайлануы керегін айтып, үндеу жолдады

Белгілі ақын президент Тоқаевтың қайта сайлануы керегін айтып, үндеу жолдады
видео кадры
Ақын Біржан Қалдыбаев 500 мың адамның атынан президентке үндеу жасады. Ол қазіргі президенттің қайта сайланғаны дұрыс деп есептейді және оған өз дәлелдерін келтірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақын Біржан Қалдыбаев 500 мың адамның атынан президентке үндеу жасады. Ол қазіргі президенттің қайта сайланғаны дұрыс деп есептейді және оған өз дәлелдерін келтірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысы конституциялық реформа бойынша соңғы шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайтынын атап өтті. Осыған орай мен Көкпар федерациясының атынан және 500 мыңнан аса қазақтың атынан президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына өз жолдауымызды жолдаймыз. 

Құрметті президент, жаңа Қазақстанда жаңа жүйені өзіңіз қалыптастырып жатқаныңызды бүкіл ел біледі. Еліміз үшін бастаған бастамаларыңыз бізді толық қанағаттандырады. Құрметті жұртшылық, біз көпұлтты зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан еліміздегі өзге ұлт өкілдері, мемлекеттік басқару жүйесінде отырған азаматтар, барлық партия мен саяси ұйымдар президентіміздің ел халқы өзі шешеді деген сөзіне бей-жай қарамайды деп сенеміз", - дейді ақын. 

Ол бабалар әруағы разы болуы үшін Тоқаевтың қайта президент сайлауына түсуін қолдау қажет деп санайды. 

"Егер кешегі бес арыстың рухы разы болсын, ел үшін жанын қиған хандарымыз бен бабаларымыздың әруағы тыныш жатсын десек бәріміз бірауыздан президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қайта президент сайлауына түсуін қолдауымыз қажет деп санаймыз. Халық болып президентіміздің қайта сайлауын үндеу жолдаймыз және барша жұртшылықты толық қолдауға шақырамыз. Себебі қазіргі таңда басқа президент келіп, жаңа жүйе қалыптастырғанша қаншама уақыт жоғалтамыз. Ал ол басшының қандай адам екенін, әлемдік деңгейде өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты қалай жүргізетіні біз үшін беймәлім.

Ал қазіргі президентімізді біз жақсы білеміз, әрі танимыз. Оның жеті тілден аса тілді меңгеріп, сөйлеу алуы шет мемлекеттер мен жоғары деңгейде қарым-қатынас орната алатынынның айқын дәлелі. Президентіміз көптеген елдің басшыларымен тығыз әрі достық байланыста", - дейді ақын.