Бектенов қол қойды: Үкімет 2,8 млрд теңгені қайда жұмсамақ?

Сағыныш Сардарова 26 мау. 2025 10:40

Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға 2,8 млрд теңгеден аса қаржы бөлді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жезқазған қаласы жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымға жетеді. Нысан 1951 жылы пайдалануға берілген, 56,6 пайызға тозған.

"Жылу желілері цехында 1969 жылы іске қосылған 8 сорғы стансасы бар. Жылыту маусымында жылу желілерінің тозуы жылумен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді", - деп жазылған хабарламада.

Қаланың кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажет екенін ескере отырып, бастапқы жоба түзетілген: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар