Бектенов Конституцияны түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Самал Асқар 07 сәу. 2026 13:50

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толық әрі жүйелі іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды Dala News.

Үкімет отырысында ол қазіргі таңда Конституциядағы жаңашыл нормаларды түсіндіру жұмыстары сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту қажет. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне уәкілетті органдармен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Сонымен қатар Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктеріне халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді бағдарламаны әзірлеу міндеті жүктелді. Конституцияның жаңа қағидаттарын білім беру бағдарламаларына енгізу де осы тапсырма аясында қарастырылған.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы қолданыстағы заңнаманы қайта қарап, оны Конституция нормаларына сәйкестендіру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove