Олжас Бектенов бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.
Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдасын.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов халық тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел жауап беруді тапсырды
Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, денсаулық сақтау жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу шараларын қабылдауды тапсырды.
Атап айтқанда, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жоспарлау, тағайындау және сатып алу рәсімдеріне қатысты. Сонымен қатар халық тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел жауап беру қажет.
Денсаулық сақтау министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы халықпен тұрақты негізде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарын, цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілерді және өңірлік іс-шараларды барынша пайдалану керек.
«Біздің міндетіміз – денсаулық сақтау саласын барынша ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді ету»,- деп қорытындылады сөзін Премьер-министр Олжас Бектенов.
Үйлестіру мен бақылау Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.
