Бекет атаға қажылық сапарға шыққан: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды

Сағыныш Сардарова 11 қыр. 2025 22:07

Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апаты болды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазір тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексеріліп жатыр", - деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Әлекешев.

Жолаушылар қасиетті Бекет атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы - Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Сонымен қатар, жүргізуші мен тасымалдауды ұйымдастырушыларды жолда қауіпті жағдай тудырмас үшін шаршаған күйде рөлге отырмауға, көлікке артық жүк салмауға шақырамыз. Шаршаған жүргізушінің өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін", - деді Шыңғыс Әлекешев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар