Бекболат Тілеухан көрген қысымы туралы айтты

Бекболат Тілеухан көрген қысымы туралы айтты
Бекболат Тілеухан. Фото: ашық дереккөзден

Қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында кезінде өзіне жасалған қысымдар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сұхбаттың әлеуметтік желіде тараған үзіндісінде журналист одан қандай қысым көргенін сұраған. Бекболат Тілеуханның айтуынша, сын мен қысым көбіне оның діни ұстанымы мен көпшілік алдында айтқан пікірлеріне байланысты болған.

"Намазыма тиісті, сөйлеген сөзіме де тиісті. Қай жерде көп сөйлесем, содан мін іздеді", – деді ол.

Әңгіме барысында Бекболат Тілеухан жүргізушінің сұрақ қою тәсіліне де әзілмен тоқталды. Оның сөзінше, адамды ұзақ сөйлеткенде сөзден жаңылып немесе артық пікір айтып қалуы мүмкін.

"Сен де маған қысым көрсетіп отырсың. Адамды шақырып алып, көп сөйлете бересің. Көп сөйлеген соң сөзден сүрінесің, содан кейін сол тұсын теріп аласыңдар", – деді қоғам қайраткері.

«Қалай бар, солай беремін. Уайымдамаңыз», – деді журналист.