Bek Air компаниясы ұшағы соғылған үйдің иесін сотқа берді

Dalanews 10 ақп. 2020 13:13 728

Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі Решет Қалибекті сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Решет Қалибектің айтуынша, сотқа шақырту қағазы оған бір апта бұрын келген.

– Жақында Bek Air маған сотқа бергені туралы қағаз келді. Енді ойлап отырғаным, неге жерге рұқсат берген әрі сол жерге үй салуға рұқсат берген әкімдіктің үстінен емес, менің үстімнен арызданады? Енді мені кінәлі қылғысы келеді. 21 ақпанға сотқа шақыртып отыр. Мен бастапқыда Bek Air компаниясының үстінен арызданғанмын. Ал енді олар менің үстімнен арызданып отыр, – деп хабарлады Решет Қалибек.


Bek Air ұшағы былтыр 27 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған. Лайнер Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан бетте құлдилап, әуежай қоршауынан асып, үйге соғылған болатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты,

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар