Бейнекамераға түсіп қалған: Степногорда әйел сатушыға пышақпен шабуыл жасады

Бейнекамераға түсіп қалған: Степногорда әйел сатушыға пышақпен шабуыл жасады
Фото: видеодан скрин

Степногордағы сауда үйлерінің бірінде сатушыға пышақпен шабуыл жасалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан әйел адамның сауда нүктесінің қызметкеріне кенеттен шабуыл жасағаны байқалады.

Әзірге жанжалдың нақты неден туындағаны белгісіз.

Полиция аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті анықталып, медициналық мекемеге жатқызылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.