Ресейдегі Еуразия халықаралық университетінің ректоры Константин Клименко Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровты Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Клименко бұл туралы өзінің Telegram-каналында жазды.
“Павел Дуровтың қамалғанына таңғалдым. Оған негізсіз айып тағу ақылға қонымсыз. Мұндай жағдайда неге ас үй пышақтарын шығаратын француз зауыттарына айып тақпайды? Оны қылмыскерлер адам өлтіру мақсатында және террорлық шабуылдар үшін жиі пайдаланады.
Африкада атом және нейтрон бомбаларының сынақ жарылыстарын өткізуге кінәлі Францияның бірде-бір шенеунігі неге жауапқа тартылмаған? Франция Африкада елу ядролық жарылыс жасады. Ядролық сынақтардан кейін миллиондаған адам радиоактивті инфекцияға ұшырады, ғасырлар бойы экологияға оның зардабы тиді. Бұл адамдардың қатерлі ісікке шалдығуына әкелді. Осы қылмыстар үшін кім жазаланады? Атом қаруын ойлап тапқан ғалымдарды ешкім жауапкершілікке тартуға дайын емес”, - дейді ол.
Осы тұста ол Дуровты жаңа цифрлық дәуірдің көшбасшысы екенін атап өтті.
“Мен Павел Дуровты ерекше тұлға деп санаймын. Ол - жаңа цифрлық дәуірдің көшбасшысы. Менің ойымша, Дуров Нобель сыйлығына лайық. Сондықтан мен Павел Дуровқа Нобель сыйлығын беру туралы Нобель комитетіне ресми өкілдік жібердім.
Бұл ұсынысты Азия мен Африка елдерінің бірқатар университеті мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері қолдады", - дейді ол.
Сонымен қатар Клименко Дуровты Дубай инвестициялық форумына спикер болуға шақырған.
"Осы ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде БРИКС-ке Павелді аталмыш форумның құрметті қонағы және спикері болуға шақырдым. Шақыруды қайтарып алмаймын. Егер француз билігі Дуровты түрмеден шығармаса, онда Павел Дуровқа БРИКС форумына қашықтан қатысуға мүмкіндік беріледі”, - деп жазды Клименко.