Базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шықты

Көркем Алдабергенова 07 нау. 2025 12:12 759

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,50% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. құрады.

Шешім қабылданғанда нақты деректерді, жаңартылған болжамдар мен инфляциялықтәуекелдердің балансын бағалау барысы ескерілген. Бағаның ағымдағы өсу қарқыны жоғары деңгейге жетіп келеді. Бұл өз кезегінде ақша-кредит шарттарын айтарлықтай жеңілдетеді. Сондықтан инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін белсенді әрі пәрменді шаралар қажет.

Инфляцияның барлық көрсеткішінде өсу байқалады. Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ға дейін жеделдеді. Барлық компонент бойынша бағаның өсу қарқыны жеделдегені байқалады. Әсіресе қызметтер бағасының өсуі айтарлықтай үлес қосып отыр. Ақпанда айлық инфляция едәуір өсіп, орташа тарихи динамикадан айтарлықтай асып түсті. Айлық базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінен (тиісінше, ақпанда бір жылға есептегенде – 14,2% және 16,9%) фискалдық ынталандыру және тұтынушылық кредит берудің (2024 жылдың қорытындысы бойынша жылма-жыл 33,5% өсім) шамадан асып кетужағдайында ішкі сұраныс жағынан қысымның айтарлықтай үдегені көрінеді. Сонымен бірге ақпанда халықтың инфляциялық күтулері тағы да 13,7%-ға дейін өсті.

Ресейде инфляция қарқын ала түскендіктен, сыртқы сектордың бағаға әсері күшейді. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап біршама төмендегеніне қарамастан, әлемдегі азық-түлік бағасы әлі де жоғары деңгейде. Қазіргі уақытта бағаның жаһандық өсуі орнықты болып отыр. Инфляциялық және геосаяси тәуекелдер сақталуда және олар орталық банктердің қатаң ақша-кредит саясаты мен риторикасына негіз болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Pitbull (әңгіме)
07 нау. 2025 23:01