Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов "Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясында облыстағы рейдерлік мәселеге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бұл мәселеге қатысты прокуратураға сауал жолдау керек. Бұл мәселеден хабардармын. Құпия тергеудің мән-жайын айта алмаймын. Бұл - қарапайым өндірістік база, мұндай база өңірде 300-400-ге жуық. Оның ешқандай инфрақұрылымдық құны жоқ. Ол Қамзин көшесінде орналасқан", - деді әкім ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Бұған дейін Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталдан болатын.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Павлодардың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірін рейдерлік басып алды деген күдікпен қылмыс әлемінің серкесі ұсталды.
Келтірілген шығын мөлшері миллиард теңгеден асады.
"Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін рейдерлік басып алудың өзге де фактілері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта рейдерлік жасады деген күдікті екі айға қамауға алынған.
Артынша қылмыстық топқа қатысы бар адамдар да ұсталды.
Қадағалау органының бастамасы негізінде жедел іздестіру шараларымен қылмыстық жетекшінің басшылығымен қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен айналысқанын анықталды.
Кәсіпкерлердің мүлкі рөлдерді нақты бөлетін қылмыстық топтың құрамымен алынды.
Меншік иелерінің кәсіпорын мүлкіне кіруіне шектеу қойылып, заңды тұлға үшінші тұлғалардың атынан тіркелді, содан кейін мүлік сатылды.
Меншік иелеріне келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты, соттың санкциясымен қылмыстық іс бойынша қатысқан адамдардың мүлкі тәркіленіп, негізгі күдікті қамауға алынды.
Қадағалау ретімен жоғарыда аталған қылмыстық жетекшінің басшылығымен қылмыстық топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің басқа фактілері бойынша 5 сотқа дейінгі тергеу қайта жалғасты.
Қазіргі уақытта Экономикалық тергеу басқармасыиен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.